Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

3252
Adyrna.kz Telegram

Оралда 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды. Бұл туралы ведомство мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Батыс Қазақстан облысытық білім беру басқармасының мәліметінше, қайғыллы оқиға Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болған.

4 қазан күні таңертең мектепке келген 10 сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды.

"2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады ведомство.

Пікірлер