“Хат жазып қалдырған”: Таразда 14 жастағы жасөспірім 12-қабаттан секіріп кетті

4382
Adyrna.kz Telegram

Таразда 14 жастағы кәмелетке толмаған бала 12-қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Polisia.kz. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза болған. Дерекке қатысты ҚР ҚК-ның 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жасөспірімнің өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатқаны айтылды. Оның өлер алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.

Пікірлер