Күш – бірлікте!

3999
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналары партаға отырды. Зияткерлік мектебінің қабырғасында олар позитивті тәрбие беру дағдыларын меңгеруде. Мектептің педагог-психологтары мен кураторлары төртінші жыл «Берік отбасы» атты үлкен жобаны белсенді түрде жүргізіп келеді.

«Берік отбасы» – UNODC бастамасымен жүзеге асырылған халықаралық жоба (БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы). Аталмыш жоба 35-тен астам елде табыстылығы дәлелденген.

«UNODC жасөспірімдер үшін қауіпсіз және қолайлы орта құруға, қауіпті және қоғамға жат мінез-құлық үлгілерінің алдын алуға және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге мүдделі», - дейді мектеп психологтары.

NIS психологтары мен кураторларын әлемнің жетекші университеттерінің бірі Оксфорд Брукс университетінің өкілдері арнайы тренингте оқытты.

Төрт жыл ішінде Талдықорған НЗМ-де 150-ден астам жасөспірім отбасы мен олардың ата-аналары бір-біріне деген сенім мен түсіністікті нығайтты.

Тренингтің жеті бөлімі әрбір адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар мен проблемаларға- отбасылық құндылықтарды қалай сақтауға, армандарға жетуге, стрессті басқаруға, қысымға қарсы тұруға, жақсы мінез-құлықты ынталандыруға арналған.

– Қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарап, отбасылық жобаға қатысқаны үшін анама алғыс айтамын. Бірлескен іс-шаралардың арқасында ата-аналармен байланыс нығаяды, сенімді қарым-қатынастар орнатылады, мұнда әрқайсымыз бір-бірімізді түсінуге және естуге үйрендік. Әр ата-ана өз баласын жақынырақ танып, жасөспірім кезеңінен сүрінбей өтуіне өз үлесін қосқысы келсе, «Берік отбасы» жобасына шақырамын, - дейді Аюхан Ахажан, 8 сынып оқушысы.

Сабақтар аптасына бір рет өткізіледі.

Пікірлер