Алматы көшелерін зомбилер кезіп жүр

2403
Adyrna.kz Telegram

Алматы көшелерін зомбилер кезіп жүр. Әлеуметтік желіні шулатқан видеода бір топ жеткіншек зомби кейпіне еніп, қала тұрғындарының мазасын қашырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видеода түр-әлпетін өзгерткен жастар бейтаныс адамды қаумалап, етек-жеңіне жармасады. Оның сөмкесін ақтарып, жеке заттарын талан-таражыға салмақ болады. Оқиғаны сырттай қызықтап тұрғандар да аз емес. Алайда, адам кейпінен "зомбиге" айналғандар жайлы қандай да бір ақпарат жоқ.

Видеоны көрген желі қолданушылары:

"Бұның орнына концерттен кейінгі қоқысқа толған қаланы тазалағандары дұрыс еді", "Пусанға қарай поезд 3: Қазақстан" деген сынды пікірлер жазған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер