Қазақстандық ару Румынияда өткен шахматтан әлем чемпионатында алтын жеңіп алды

2049
Adyrna.kz Telegram

Румынияда 14, 16 және 18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы шахматтан әлем чемпионатына 72 ел мен 630 шахматшы қатысты. Бейресми медальдық есепте 14, 16 және 18 жас аралығындағы Қазақстан құрамасы 2-ші орында тұр, - деп хабарлайды "Адырна". 

Хабарланғандай, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұрғалиева Зарина алтын медаль жеңіп алды.

18 жасқа дейінгі категорияда Нөгербек Қазыбек күміске қол жеткізді.

14 жасқа дейінгі ұлдар арасында Аңсат Алдияр қола жүлдегер атанды.

Алуа Нұрманова 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы категорияда 5-орынға ие болды.

18 жасқа дейінгі қыздар арасында Құрманғалиева Лия 9 орынға ие болды.

Пікірлер