Ғылым министрі балаларының оқу орны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты (ВИДЕО)

2211
Adyrna.kz Telegram

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балаларының оқу орны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүгін үкімет кулуарында журналистер министрден балаларының елге оралып-оралмағанын сұраған еді. Алайда Саясат Нұрбек бұл сұраққа жауап беруден тас тартты.

«Бұл менің жеке өміріме қатысты сұрақ. Өкінішке қарай, балаларыма да оңай тимеді»,–деді ол.

Бұған дейін министр 26 маусымда балаларының Қазақстанға оралатынын мәлімдеген еді.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер