Тұрғындар өтініші орындалды

1866
Adyrna.kz Telegram

Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының жыл басында әкіммен кездесу барысындағы өтініштерінің бірі көшеге асфальт төсеу болатын. Соған сәйкес орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда афсальтбетон қабатының 1 қабаты төселді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Жолдың жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрауда.

Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кезесті, арыз-шағымдарын тыңдады.

“Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер