Елордада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

2212
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/42807136-04a8-4d10-b975-acb245368f26.jpeg
Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Олардың ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды. Күдіктілерді ұстау кезінде олар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер