Алматы облысы Қостанай өңіріне 105 тоннадан астам азық-түлік жіберді

1772
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысында 43 га орман өртке оранып, салдарынан үйлер өртенді, халық мүліктерін айырылды, жарақат алғандар қаншама. Елді-мекендерден 1800-ге жуық адам эвакуацияланды.

Бүгінде өңірдегі жағдай өте күрделі. Осыған орай, облыс халқына еліміздің түпкір-түпкірінен көмек көрсетіліп жатыр.

Ел басына күн туғанда Алматы облысы да үнсіз қалмады. Алғашқылардың бірі боп, Әулиекөл ауданының тұрғындарына қолдан келгенше қолдау көрсетіп жатыр.

Бүгін Қостанай облысына жалпы салмағы 105 тоннадан астам азық-түлік гуманитарлық көмек жіберілді.

Бірнеше күн бойы отандастарымызға Алматы облысының әкімдігі, еріктілер, жастар, кәсіпкерлер мен жанашыр азаматтар шетте қалмай, азық-түлікпен қатар құрылыс материалдары мен жеке күтім құралдары жіберіп отырдды.

Фронт кеңсенің басшысы Ерасыл Толымбекұлының айтуынша, Алматы облысының әкімдігі Қостанай облысының мекемесімен байланыста боп, гуманитарлық көмек жинаған.

«Осындай қиын-қыстау сәттерде қазақстандықтар ауызбіршіліктерін көрсетіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендердің отбасыларымен жеке кездесіп, әрбір отбасы біздің Үкіметтің қарауынсыз қалмайтынын айтты. Қостанай облысында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі халық акциясын қолдай отырып, Алматы облысы да көмекке өз үлестерін қосуда. Яғни, балаларға арналған жаялықтар – 9 мың дана, құрылыс материалдары – 10 тонна, азық-түліктен: күнбағыс майы, тауық еті – 10 тонна, кеспе – 3 тонна, пияз-7 тонна, күріш пен алма-5 тоннадан және тағы да басқасы юар. Сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аудардыі. Қазіргі уақытта аймақтан екі газель мен төрт жүк көлігі шықты. Қостанай облысына көмекке 10 ерікті кетті», - деді ол.

Пікірлер