Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтереміз - Аймағамбетов

3438
Adyrna.kz Telegram

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру,мұғалімдердің жүктемесін төмендету бойынша шаралар жүзесе асады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттің тапсырмасы білім беру саласындағы ең маңызды сұрақтарды қамтып отыр. Балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру,мұғалімдердің жүктемесін төмендету мен балаларды балабақшамен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылады,- деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы әзірленеді.

Бұл ұлттық жоба ерекше болады. Себебі мектептер жаңа тәсіл мен жаңа талаптарға сәйкес барлық мемлекеттік стандартқа сай салынады. Әрине, бұл балаларға білім беру сапасын жақсартып, жалпы қолайлы жағдай жасайды. Жаратылыстану бейіні бойынша жұмыс істейміз. Бұл бойынша бізде жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлер бар,- деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер