Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ол Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Омаров министр болып 11 қаңтарда тағайындалған еді.
Бұған дейін бұл лауазымда Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров қызмет етті.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Энергетика министрі: Мәскеулік әріптестерге мұнай құбырындағы жарылыс туралы ақылдасуға барып қайтамын (ВИДЕО)
