Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысу үшін Мәжіліс ғимаратына келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз.
Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады»,–деді ол Қазақстан халқына Жолдауында.
Мемлекет басшысы халықтың жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдағанын атап өтті.
«Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды»,–деді Тоқаев.