Тараз қаласында әскери борышын өтеп жатқан жауынгер өз-өзіне қол жұмсаған. Жүк-200ді үйіне жеткізген әскерилер марқұм сүйген қызымен ренжісіп қалғандықтан өмірден түңілді дегенді айтты. Алайда, Бекболдың жүріп жүрген ауылдағы қызы жігітінің соңғы жазған смстерін жылап тұрып оқып берді. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Қорқынышпен өмір сүріп жүрмін… бәрінен қорқып жүрмін…бұрын адамнан қорықпаушы едім… Былай қорқынышпен өмір сүргенше мен өмірден жоқ болып кеткім келеді…” деп жазған хатта сарбаз.
Атырау облысының Миялы жұрты бүгін 18 жасар Бекбол Досболұлының денесін жер қойнына тапсырды.
”Адырна” ұлттық порталы