Әлеуметтік желіде жол ортасында тайраңдаған жүргізушілер халықтың наразылығын туғызды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқиға Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған.
Түркістан облысының полиция департаменті екі көліктің айыптұраққа қойылғанын мәлімдеді.
«Авариялық жағдай туғызған «БМВ-525» және «БМВ 530І» маркалы екі көлік анықталып, жүргізушілеріне бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айыптұраққа қойылды»,– деді ведомство.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
<