Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 9 тамыз күні фазендадан мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған ер адамның денесі арнадан табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін Қызылорда облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының күшімен 1950 жылы туған азаматты іздеу жұмысы жүргізілді. Сағат 10-нан 5 минут өткенде "Мәдениет" суару каналынан аталмыш азаматтың мәйіті табылып, судан шығарылды»,– деп түсіндірді облыстық ТЖД қызметі.
Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.