Белгілі ғалым Бауыржан Байтанаевпен кездесіп, Шымкент қаласының аумағындағы ескі қоныстарды жүйелеп, зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ақылдастық. Сонымен бірге ғалым ескі қала мен Сайрам тұрғын алабының қойнауын зерттеп, ескі тұрақтарды одан әрі зерттеуді ұсынды.
Қолымдағы кітап Бауыржан Байтанаевтың осыдан 10 жыл бұрын жарық көрген “Шымкенттің тарихы” атты монографиясы.
Осы кітаптың негізінде ЮНЕСКО Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар екенін ресми мойындады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы - Қазақстандағы ғылыми дәлелденген ең көне қала.
Шыңғыс МҰҚАН Facebook парақшасынан