AI-Quryltai жасанды интеллект платформасының көмегіменалғаш рет заң жобасы әзірленді

93
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bVTOZqWsm4SJJ9IJIr3ixuleGoJjjXv34xPNHV15.jpg

«Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңазаң жобасы құқықтық талдау жүргізуге қабілетті жасанды интеллект моделі кіріктірілген AI-Quryltai интеллектуалды ортасының көмегіменәзірленген алғашқы заң жобасы болды. Бұл туралы Құрылтай вице-спикері Динара Зәкиева Үкімет сағатында хабарлады.

 Платформаның көмегімен заң жобасын әзірлеуші депутаттарғацифрлық және ақпараттық ортадағы балалар қауіпсіздігінің қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жүргізілді және ұсынылды. Оған үлкен деректер, азаматтардың өтініштері, ата-аналардың, сарапшылар мен қоғамөкілдерінің нақтылаған мәселелерін талдау, сондай-ақ ықтимал сын-қатерлерді бағалау және халықаралық тәжірибені зерттеу негіз болды.

 Сонымен қатар, 800 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілербазасы біріктірілген AI-Quryltai шеңберінде арнайы оқытылғанзаңнамалық модель алғаш рет заң жобасының мәтінін құруға тікелейпайдаланылды. Бұл заңнамаға енгізілетін өзгерістердің ауқымы мен толықтығын арттыруға және қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндікберді.

 – Мәселен, платформаның көмегімен жаңа қауіптер мен цифрлықтехнологиялардың дамуын ескере отырып, балаларды цифрлық жәнеақпараттық ортада қорғау жөніндегі шаралар кешені пысықталды. Бұлшаралар барлық платформаларға «ата-ана бақылауы» тетігін енгізугеқатысты болып отыр. Яғни, балаларға арналған «сүзгі» енгізіліп, сәйкесінше барлық таңбаланбаған және тексерілмеген цифрлық жәнеақпараттық өнімдер, қосымшалар, ойындар балаға қол жетімсізболады. Сондай-ақ, платформаларға барлық цифрлық өнімдерді, соның ішінде қосымшалар мен ойындарды таңбалау, олардыверификациялау, сондай-ақ қауіптер мен бұзушылықтар анықталғанжағдайда бұғаттау жөніндегі талаптарды енгізу ұсынылады. Барлығы120-дан астам түзету әзірленді, – деп атап өтті Динара Закиева.

 Өз кезегінде Құрылтай депутаты, жасанды интеллект зертханасының жетекшісі Екатерина Смышляева AI-Quryltai жүйесіненгізу арқылы заң шығару қызметінің сапасын арттыруға арналғанинтеллектуалды орта қалыптастырылып жатқанын атап өтті.

 – Егер цифрландыру құжаттарды, рәсімдерді және өзара іс-қимылды электрондық ортаға көшіруге мүмкіндік берсе, AI-Quryltaiақпаратпен жұмыс істеу тәсілін сапалы түрде өзгертуге көмектесуі тиіс. Бұл қолданыстағы цифрлық инфрақұрылым негізінде жаңаинтеллектуалды қабат – заң шығару қызметінің әртүрлі кезеңдеріндедепутаттар мен Құрылтай Аппаратының қызметкерлеріне көмектесетінөзара байланысты жасанды интеллект агенттері мен мамандандырылған модульдер жүйесін қалыптастыру туралы болыпотыр, – деді депутат.

 Екатерина Смышляеваның айтуынша, AI-Quryltai экожүйесі өзарабайланысты бес бағытты қамтиды. Олар – интеллектуалды аналитика, заңгерлік модуль, интеллектуалды сараптама, реттеушілік әсердібағалау және оның салдарын модельдеу, сондай-ақ құқық қолданутәжірибесіне мониторинг жүргізу. Алдағы уақытта жасанды интеллект құралдары ауқымды деректерді өңдеуге, құқықтық қайшылықтардыанықтауға, ықтимал тәуекелдерді бағалауға және қабылданғаннормалардың қолданылу нәтижелерін бақылауға мүмкіндік береді.

 Бұл ретте депутат жасанды интеллект заң шығару қызметіндеадамды алмастырмайтынын атап өтті.

 – Жасанды интеллект мемлекеттік саясаттың мазмұнынайқындамайды және құқықтық шешімдер қабылдамайды. Ол маманғанормативтік-құқықтық жағдайды толық көруге және құқықтықматериалды сапалырақ дайындауға көмектеседі, – деді Екатерина Смышляева.

 Депутаттың айтуынша, заң жобасын әзірлеу барысында AI-Quryltaiкөмегімен қалыптастырылған барлық ұсыныстар шақырылғанзаңгерлер мен сарапшылардың қатысуымен әзірлеуші депутаттардыңтексеруінен және қосымша пысықтауынан өтті.

 Қазіргі уақытта заң жобасы Үкіметтің қорытындысын алуғажолдануда. Оны пысықтау Құрылтайдағы жұмыс тобы аясындажалғасады.

 

Пікірлер