Фото ТЖМ-дан
14 қараша күні таңертең Жезқазған қаласында нан сататын бөлімнен өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна”.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өртті жедел сөндірген.
Ведомствоның мәліметінше, өрт Сейфуллин көшесінде орналасқан екі қабатты жеке сауда ғимаратының бірінші қабатындағы нан сату бөлімінде болған.
Өрт сөндірушілер жалынды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Тілсіз жау 70 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Карт-бланш берілген министрдің бірі Зүлфия Сүлейменова еді. Дәл қазір Зүлфия мен 30 жыл отырған шенеуніктің еш айырмашылығы жоқ.
