Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде үздік бестікке енді

292
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9XdrtCzCrjBzIP2uxvIBgmL56fRX5BE5ClIlCiDN.webp

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Канададағы Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна".

Қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша отандық спортшы 71,84 ұпай жинап, әзірге бесінші орынға тұрақтады.

Жарыстың көшбасшысы – 82,11 ұпаймен өнер көрсеткен жапониялық Мао Симада. Екінші орынды 78,50 ұпай еншілеген америкалық Изабо Левито иеленсе, үшінші сатыға 77,24 ұпай жинаған эстониялық Нина Петрыкина жайғасты.

Мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарламадағы өнерін Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні көрсетеді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Пікірлер