Конгода әскери күштер Эбола жұқтырған науқастар уақытша орналастырылған Кигонзе лагерін өртеп жіберді, деп хабарлайды "Адырна" AP-ға сілтеп.
Оқиға Итури провинциясындағы Буниа қаласының маңында болған.
БҰҰ мәліметінше, лагерь қару-жарақ іздеу операциясы кезінде өртенген. Соның салдарынан шамамен 19 мың адам аумақтан кетуге мәжбүр болды.
Елде індет басталғалы 8300 адамнан Эбола анықталып, 4018 науқас қайтыс болған.
Ұқсас жаңалықтар
