Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект қолданылған фильмдердің алғашқы халықаралық байқауының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, фестиваль — креативті индустрияның дамуына серпін беретін және жас таланттарға өз мүмкіндігін көрсетуге жол ашатын жоба.
Президент Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мен оны жауапкершілікпен қолдану ережелерін әзірлеу қажет екенін айтты.
Биыл фестивальге әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Жапония, Ұлыбритания және Франция азаматтары бар.
Ұқсас жаңалықтар
