Желідегі даудан соң. Қырғызстан консулы студенттерімен кездесті

126
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5o5BaVWYknYfEdr0uzQhBvNKczkpxnO93CECY5FC.jpg

Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының ғимаратында Алматыда білім алып жатқан қырғызстандық студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Кездесу барысында Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы студенттердің оқу барысы мен тұрмыс жағдайын сұрап, білім алу кезінде туындаған мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар студенттерге шетелде болу ережелерін сақтау, әлеуметтік желілердегі түрлі қауіп-қатерлерден сақтану, алаяқтық схемаларын ажырату және олардан қорғану жолдары туралы ақпарат берілді.

Кездесу кезінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен кеңестер алды. Тараптар Алматыдағы қырғызстандық студенттер қауымдастығының жұмысын жандандыру және бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелерін де талқылады.

Кездесу әлеуметтік желіде қазақтар мен қырғыздардың тарихына қатысты даулы пікірлер айтып, соңынан кешірім сұраған Қазақстанда білім алып жүрген екі қырғызстандық студенттің жағдайынан кейін өткені назар аудартады. 

 

Пікірлер