Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы 14 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
