Мәскеу бомбадан қорғану орындарын жөндеуге қомақты қаржы бөлді

240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C9Cw0CxtiwEM22ch4h9i5MuR2vT5YBVv2m6vjhia.webp

Мәскеу билігі қаланың үш ауданындағы тоғыз бомбадан қорғану орынын күрделі жөндеуге 39 миллион рубль (шамамен 420 мың АҚШ доллары – ред.) бөлді. Бұл туралы «Осторожно, Москва» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жөндеу жұмыстары Азовская, Болотниковская және Нагорная көшелерінде, сондай-ақ Ленин даңғылында орналасқан нысандарда жүргізілмек. Жоба аясында кіреберістер, арақабырғалар мен есіктер қалпына келтіріліп, ішкі әрлеу жаңартылады. Сонымен қатар сумен жабдықтау, электрмен қамту, кәріз, желдету және байланыс жүйелері жөнделеді. Жұмыстарды 30 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Тендерлер Украина тарапының 2026 жылдың соңына дейін Мәскеуге өздерінің баллистикалық зымырандарын ұшыруы мүмкін деген мәлімдемелерінен кейін жарияланған. Fire Point компаниясы мен бұрынғы қорғаныс министрі Михаил Федоров 800 келіге дейінгі жауынгерлік жүк көтере алатын және 850 шақырым қашықтықтағы нысандарды жоя алатын F-9 зымыранын қолдану жоспары туралы хабарлаған еді.

Пікірлер