Біржан Хасанғалиев филармония директорының орынбасары болып тағайындалды

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vQ7WtORtmQnTrIppsLlI8Q9oBtCBIohC4NTb6SBP.jpg

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті хабарлады. Жаңа қызметінде Біржан Хасанғалиев филармонияның менеджмент және маркетинг бағыттарына жетекшілік етеді.

Мәдениет комитеті жаңа қызмет иесіне шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа белестер тіледі.

Айта кетейік, Біржан Хасанғалиев – қазақтың белгілі композиторы әрі әншісі Ескендір Хасанғалиевтің ұлы.

Пікірлер