Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pCb1nCkLjTp5jZjsqGHKvW7WIfmM8zkMwTfQ783B.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тіледі", – делінген хабарламада.

2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді. Қазақстан Президенті қалыптасқан аса күрделі ахуалда қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеу үшін дипломатиялық жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Пікірлер