Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен кетті

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bt34NObXMWoZyfp6me1vMTEzg5HHH66HkwrJGw4S.jpg

Бүгін, 10 тамызда Қайрат Дәуітов Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.

Енді бұл қызметті Әділ Сүбебаев атқарады. Тағайындауға дейін ол Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған еді.

Пікірлер