Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 15 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ертең президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысы «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның күшін біріктіруде
