Үлкен Алматы каналы бойындағы автожолда орналасқан пайдаланылмайтын көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, Түрген өзені арқылы өтетін КВ-49 автожолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы апатты деп танылған. Осыған байланысты онда көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 2026 жылғы 1 шілдеде нөсер жауын салдарынан өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп, апатты көпірдің маңындағы топырақ шайылған.
Қазір ескі көпірді ауыстыру жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, қажетті қаржы бөлінген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталып, құрылыс жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
