Украинадағы соғыста қаза тапқан Ресей әскерінің саны 227 мыңнан асты

228
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bI7llsuyafCMhkIl4eJeLdQqBo2JUU1gDyyDCx41.jpg

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы бері қаза тапқан әскери қызметшілер саны 227 мыңнан асты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы «Медиазона» басылымы мен BBC Russian Service бірлескен талдау нәтижесінде хабарланды.

Журналистер мен еріктілер тобы ашық дереккөздер негізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің жеке тұлғаларын анықтаған.

Зерттеуге сәйкес, қаза тапқандардың ең үлкен бөлігін «еріктілер» құрайды — 83 мыңнан астам адам. Сонымен қатар бұрынғы сотталғандардан құралған бөлімшелер мен мобилизацияланған азаматтар арасында да елеулі шығын тіркелген. Офицерлік құрам арасындағы шығын да расталған.

Мамандардың мәліметінше, соғыс жыл сайын адам шығынының артуымен сипатталып отыр. 2023 және 2024 жылдары шығындар алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Бұған қоса, басқа бір есептеу әдістемесіне сәйкес, соғыс басталғалы бері жалпы қаза тапқандар саны 350 мыңнан асуы мүмкін екені де айтылады.

 

Пікірлер