Азия чемпионаты. Қазақстан қоржынына триатлоннан үшінші медаль түсті

99
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Jl5KBZJQqgQBPWhuJtG7ZoVmKaPPWglscmMIbJY7.jpg

Фото: olympic.kz

Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші жүлде түсті, деп хабарлайды “Адырна”.

U17 жас санатындағы аралас командалық эстафетада ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғап, күміс медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін U17 санатында Рамазан Айнегов, ал U15 санатында Ясмина Бузуртанова чемпион атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған болатын.

Пікірлер