Комиссия бәтуасы. Депутат әйелін "папкамен“ құттықтаса, айыбы жоқ

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iHbqYYCKk2iKFxkDQa4g2rHJzjiVutXpd0cfon03.jpg

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевтың жұбайын парламент атрибуттарын пайдаланып құттықтағанына қатысты тексеріс қорытындысы жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы мен Мәжіліс аппараты оның іс-әрекеттерінен заңбұзушылық анықтаған жоқ, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін депутаттың камерасы бар смарт-көзілдірік тағып парламентке келуі және жұбайын парламенттік атрибуттарды пайдаланып құттықтаған видеосы қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Алайда ресми органдардың мәліметінше, бұл жағдайлар заң талаптарына қайшы емес. Мәжіліс аппаратының түсіндіруінше, түсірілім пленарлық отырыс залының алдындағы холлда жүргізілген. Бұл аумақта фото және видео түсіруге рұқсат етілген.

Орталық сайлау комиссиясы депутаттарға қатысты тәртіптік шаралар тек Палата төрағасының немесе Парламент Бюросының ресми жазбаша өтініші түскен жағдайда ғана қаралатынын мәлімдеді.

Осылайша, тексеріс нәтижесінде Дәулет Мұқаевқа қатысты заңбұзушылық фактісі расталмады.

Пікірлер