Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне құнды сыйлық жасады, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ердоған кесенеге османдық каллиграф Ахмед Шемседдин Карахисаридің қолынан шыққан Құранды сыйлады.
Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан ррезиденті Шавкат Мирзиеев түркі дүниесінің әйгілі рухани және тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барған.
Мемлекеттер басшылары ұлы ғұлама, әулие Қожа Ахмет Ясауи мен кесене аумағында жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына зиярат етті.
