Тоқаев Жеңіс күніне арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге барады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы  Қазақстан Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

"Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған. 

Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды", делінген хабарламада. 

Айта кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде 9 мамырда Мәскеу қаласында өтетін Жеңіс парады қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда ұйымдастырылатынын және Қызыл алаңдағы әскери шеруге келетін қонақтар тізімінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жоқ екенін хабарланған еді. 

 

Пікірлер