Блогер Жанәбіловтерге сот үкімі шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/toohDCLcAQl6v5wyFi9sZAqZ7XPGKxcoZp3fGfUY.webp

Астана сотында ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты, деп хабарлайды "Адырна".

Қылмыстық қараған судья Әділбек Баймаханов шығарған үкімге сәйкес, Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ Ерболат Жанабылов пробациялық бақылауда болады.

Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ мемлекет пайдасына 8 автокөлік тәркіленді.

Бұған дейін прокурор Олжас Хайруллаев  Ерболат Жанәбіловті мүлкін тәркілеп, екі жылға шартты түрде соттауды сұрады.

Еске салсақ, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

.

Пікірлер