Әлем кубогы. Төрт қазақстандық боксшы алтынға таласады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6tE2QFl1kySjVxSow6zEOlMzOtuaQrnFUATMgy7t.webp

Фото: Виктория Графеева, сурет: Instagram/graf.vp

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

1/2 финалдың қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшы финалға шығып, алтын медаль үшін бақ сынайды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бельгиялық Ошин Дериумен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

85 келіге дейінгі салмақта Сұлтанбек Айбарұлы неміс боксшысы Валерий Вальтерден басым түсті – 5:0.

Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Валерия Аксенова жеребе қорытындысы бойынша тікелей финалға шықты, өйткені бұл дивизионда тек екі қатысушы тіркелген.

Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген:

  • 60 келіге дейін: Виктория Графеева – Ребекка Сантос (Бразилия)
  • 65 келіге дейін: Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
  • 80 келіден жоғары: Валерия Аксенова – Жофия Сира (Мажарстан)
  • 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы – Кауе Белини (Бразилия)

Сондай-ақ, біздің құраманың үш өкілі турнирді қола медальмен аяқтады. Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) 1/2 финалда қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен есе жіберді. 80 келі салмақта Жібек Жарасқызы поляк спортшысы Эмилия Котерскаядан ұтылды – 0:5. Диас Молжігітов (80 келіге дейін) жарақатына байланысты жартылай финалда турнирден шығып қалды.

Пікірлер