Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік болды, деп хабарлайды "Адырна".
Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты. Есеп: 6:1, 6:4.
Айта кетейік, бұл – Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.
Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Үндістан — Қытайға қарсы тұратын бірден-бір мемлекет. Байден — әккі саясаткер, соны жақсы түсініп отыр. Индия коммунистік Қытай емес.
"Қазақстанның атынан шыққанымды мақтан етемін": Александр Бублик азаматтығын өзгертуі туралы пікір білдірді
