Көшесінде апат көп. Алматыны "ұйықтамайтын қалаға" айналдыру кімге керек?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WEbqNqtMd3TqLvoCA4PkhmSzHGUSPjSZLd6Dcbbi.png

Фото: gov.kz

Алматы қаласының Архитектура және қала құрылысы басқармасы қала аумағындағы ғимараттар сыртында орнатылатын сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды "Адырна".

Жоба президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында, тұрғындарға ыңғайлы, қауіпсіз және эстетикалық жағымды қалалық ортаны қалыптастыруға, сондай-ақ «Алматы – ешқашан ұйықтамайтын қала» концепциясын одан әрі дамыту шеңберінде әзірленген.

Құжат тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және кәсіпкерлік объектілердің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мегаполистердің қазіргі даму тенденциялары қалалық инфрақұрылым сапасын арттыруды, архитектуралық ортадағы визуалды үйлесімділікті қамтамасыз етуді, біртұтас дизайн-кодты қалыптастыруды және қала тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы жағдай жасау қажеттігін талап етеді.

Осыған байланысты нормативтік реттеуді жетілдіру, қолданыстағы талаптарды қалалық ортаны тұрақты дамыту міндеттеріне сәйкестендіру қажет деп жобаны әзірлеушілер атап көрсеткен.

Ұсынылып отырған өзгерістер:

  • Қалалық инфрақұрылым объектілеріне қойылатын талаптарды ретке келтіру;

  • Қала сәулет бейнесінің эстетикалық тұтастығын қамтамасыз ету;

  • Шағын және орта бизнес дамуына қолайлы жағдай жасау;

  • Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

  • Алматының динамикалық дамып келе жатқан мегаполис ретінде заманауи және танымал имиджін қалыптастыру.

Өзгерістерді қабылдау сәйкес салаға жүйелі көзқараспен реттеуді қамтамасыз етіп, қалалық ортаның сапасын арттыруға және қаланың тұрақты дамуын жалғастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді деп көрсетілген.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауға қойылған.

Айта кетейік, соңғы күндері Алматы қаласында жол апаты жиілеп кетті. 21 наурызға қараған түні шамамен сағат 03:30 кезінде Әл-Фараби даңғылы бойында 3 адам қаза тапқан көлік апаты орын алған болатын. 

Пікірлер