Директор болдым, мінеки. Google-дің бұрынғы топ-менеджері BBC-дің басшылығына келді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wwjVytjJyEQfytp73zxD4KwaZM4hl0dEeK4FQZYQ.jpg

Google компаниясының бұрынғы топ-менеджері Мэтт Бриттин BBC-дің бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ол өткен жылы Дональд Трамптың сөзін бұрмалауға қатысты дау-дамайдан кейін қызметінен кеткен Тим Дэйвидің орнына келеді. 

BBC басқарма төрағасы Самир Шах хабар тарату ұйымының құрылымына терең өзгерістер қажет екенін атап өтіп, Бриттин дәл осындай бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайында компанияны трансформациялай алатын тұлға екенін айтты.

Жаңа басшыны тағайындау Дональд Трамп тарапынан 10 миллиард доллар көлемінде берілген сот талап-арызы аясында жүзеге асып отыр.

АҚШ басшысы британдық хабар таратушыны 2021 жылғы 6 қаңтардағы сөзінің кадрларын монтаждау арқылы жала жапты деп айыптауда.

Пікірлер