Ресейлік топ атауын орыс тіліне аударудан бас тартты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dMa72M6RKIwvTw1kLijkLrHzyvFAC8YNN3qxUxzu.webp

"Иванушки International" тобы өз атауын орыс тіліне аудармайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне топтың әншісі Андрей Григорьев-Апполонов хабарлаған.

Бұған дейін Ресейдің халық әртісі Игорь Матвиенко ТАСС-қа берген сұхбатында топ атауын латын әліпбиінен орыс тіліне өзгертуі мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, ұжым енді «Иванушки» деп аталып, «International» сөзі алынып тасталуы ықтимал болған.

Алайда Андрей Григорьев-Апполонов бұл ұсынысқа қатысты пікір білдіріп, оның жай ғана ақпараттық шу болғанын жеткізді.

«Игорь Игоревич жақсы хайп жасап алды. Уақыты да дәл келді, англицизмдерге қарсы талқылаумен тұспа-тұс келді. Біз ол кезде демалыста едік», – деді ол.

Сондай-ақ әнші топтың атауы өзгермейтінін атап өтті.

«Біз әрқашан “Иванушки International” болып қала береміз», - деді ол.

Пікірлер