Атырауда Наурызнаманың алғашқы күні кең көлемде тойланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CneL5LcVpPQqRTqZkMNCyBJo5LFVY6s1wiIKebBO.jpg

14 наурыз – Көрісу күніне орай Атырау қаласында 150-ге жуық өнерпаз ұлттық дәстүрді насихаттады.

Іс-шара Исатай-Махамбет алаңында басталып, қала көшелерімен Көш форматындағы мерекелік керуенге ұласты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мерекелік шеру барысында оркестр сүйемелдеуімен қазақтың халық әндері орындалып, ұлттық дәстүр көріністері көпшілік назарына ұсынылды. «Көш» керуені одан әрі қаладағы Infinity Mall және Baizaar сауда орталығында жалғасып, өнерпаздар тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шеруге Махамбет Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы және мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қатысты.


Пікірлер