Моджтаба Хаменеи ауыр жарақат алып, комада жатыр – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/G9rb75IOaFXPcuQSPGLEpFHQGjyb9JUrnikrkx8l.webp

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ауыр жарақат алып, комада жатыр деген хабар тарады, деп хабарлайды «Адырна».

Британдық «The Sun» газетінің хабарлауынша, Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи авиациялық соққыдан ауыр жарақат алып, қазіргі уақытта комада жатыр.

Басылым мәліметіне сәйкес, емдеу кезінде Хаменеиге ауыр жарақаттар келіп, екі аяғы ампутацияланған болуы мүмкін. Сонымен қатар оның ішкі ағзалары зақымданған — бауыр мен асқазаны жарылған болуы ықтимал.

Қазіргі кезде ол «Сина» университеттік ауруханасының реанимация бөлімінде жатыр, аурухана маңына қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Алайда бұл ақпаратқа ресми растама жоқ. Иран билігі немесе Хаменеи жақындары бұл жағдайға қатысты ешқандай хабарлама жасаған жоқ.

Пікірлер