Фото: AP Photo/Refugio Ruiz
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мексикада еліміздің неше азаматы тұратынын жария етті, деп хабарлайды “Адырна”.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл елде 35 отандасымыз тіркелген.
«Консулдық тіркеуде Қазақстан Республикасының 35 азаматы тұр. Азаматтар сабыр сақтап, абай болуды және қауіпсіз жерлерге барғаны жөн», - деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Айта кетсек, Әлемде ұзақ уақыт іздеуде болған есірткі барондарының бірі – мексикалық Эль Менчо арнайы операция барысында қаза болған туралы ақпарат тарағаннан кейін елдің кемі алты штатында тәртіпсіздіктер басталған еді.
Ұқсас жаңалықтар