Белгілі актер және продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіге ауруханадан сурет жүктеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Өнер иесі аурухана төсегінде жатқан суретін жариялаған. Фотодан актер ақ жаймаға жамылып, бір қолымен төсек тұтқасынан ұстап отырған күйі көрінеді.
Сториске «Жолда абай болыңыздар» деген қысқа жазба қалдырылған.
Әзірге актердің ауруханаға түсуіне нақты қандай себеп болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
«Озарк» сериалы мен «Миссия невыполнима» фильміндегі танымал актер Comic Con Astana фестивалінің екінші хедлайнері атанды
