Елнұр Бейсенбаев - 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Білімі — саясаттану бакалавры және саясаттану магистрі.
Еңбек жолы:
2006–2008 жылдары — "Болашақ" республикалық қозғалысының белсендісі, волонтер, жастар қанатының жетекшісі;
2006–2010 жылдары — "Болашақ" республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, "Жастар Үні" журналы бас редакторының орынбасары;
2010–2012 жылдары — "Жастар Үні" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2012–2015 жылдары — №48 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі;
2012–2015 жылдары — ҚНПК Алматы қалалық филиалының хатшысы;
2015–2016 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында бөлім басшысы;
2016–2017 жылдары — Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;
2017–2019 жылдары — "Qadam PRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
2019–2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі;
2020 жылғы қаңтардан 2021 жылғы қаңтарға дейін — "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы;
2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін - Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы тамыз – «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.
2023 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Сегізінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының жетекшісі.
«Құрмет» орденімен (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Халық алғысы» (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) медальдарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың (2016 ж., 2020 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың (2019 ж., 2020 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.
Айта кету керек, Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі соңғы бір жылда кем дегенде үшінші рет өзгеріп отыр.