Ливияда Каддафидің ұлын өлтіріп кетті

385
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kovZ43X3r6VO1erQFyPZTxrdSVxxqIJTYmCVmOrF.webp

Ливияның бұрынғы диктатор басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам оқ жарақатынан қаза тапты. Ақпаратты елдің бас прокуратурасы растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тергеушілер кісі өлтіру орнына тексеру жүргізіп, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтап жатыр»,-делінген хабарламада.

Саясаткердің жақындары Сейф әл-Ислам Каддафидің Триполиден оңтүстік-батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Эз-Зинтан қаласындағы үйіне 4 қарулы адамның басып кіргенін мәлімдеді.

Сейф әл-Ислам әкесінің билігі кезінде де саяси рөл атқарған. 2011 жылдың қазан айында Муаммар Каддафи өлтірілген болатын. 2021 жылы Каддафидің ұлы президенттік сайлауға қатысуды жоспарлаған, алайда сайлау өтпей қалды. Ол ресми қызмет атқармаса да, елдегі ең ықпалды тұлғалардың бірі саналды. Атап айтсақ, Ливияның сыртқы саясатының қалыптасуына едәуір ықпал етіп, маңызды дипломатиялық миссияларда делдал болған.

Каддафидің оң қолы әрі мұрагері Сейф әл-Ислам әкесінің қазасынан кейін бірнеше жыл қарулы топтың бірінде тұтқында болған. Триполи соты оны өлім жазасына да кескен. Бірақ кейін сот шешімін өзгертіп, Сейф әл-Ислам босатылған.

Пікірлер