Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модиға Үндістанның Республика күніне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
"Қазақстан президенті құттықтауында премьер-министрдің дана басшылығының арқасында Үндістан сенімді түрде алға қарай қадам басып, экономиканы дамытуда және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруда айтарлықтай табысқа жеткенін атап өткен. Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі".
Ұқсас жаңалықтар