Uzbekistan Airways ұшағы Красноярск әуежайына шұғыл қонды

463
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DeKB7DH2NpHdFwUoKsZns1gjTjXuzPh6T1wE2rm1.jpg

Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ташкенттен Владивостокқа бағыт алған Boeing 767-300 ұшағы техникалық ақауға байланысты Красноярск әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұшақ бортында 122 жолаушы мен экипаж мүшелері болған.

«Қону белгіленген қауіпсіздік талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтті. Красноярск әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастыруда», – делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Зардап шеккен жолаушылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Пікірлер