Ташкент сыртқы саясатын жаңартпақ. Су ресурсы мен логистика назарға ілікті

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WcljXqqkJasNzHr3TV1meTeHQbovnu4hY4mKi9qR.jpg

Өзбекстанның сыртқы саясат тұжырымдамасы қайта қарауды және басым бағыттарды жаңартуды қажет етеді. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Жаңа тұжырымдама мемлекетіміздің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарын, жүргізіліп жатқан ішкі реформалардың логикасын, сондай-ақ экономикалық дипломатия, қауіпсіздік және инвестициялар саласындағы ұлттық мүдделерімізді кешенді түрде әрі өзара байланыста көрсетуі тиіс», — деді Мирзиеёв.

Оның айтуынша, жаңа сыртқы саяси бағдарлама Ташкенттің сауда, логистика және су ресурстары салаларындағы мүдделерін де ескеруі қажет. Осы мақсатта әрбір дипломатиялық өкілдікке қосымша қаржыландыру бөлінеді.

Еске сала кетейік, Өзбекстан сыртқы саясат тұжырымдамасын 2012 жылдың күзінде қабылдаған. Құжатқа соңғы өзгерістер 2019 жылы енгізілген.

Өзбекстан ұлттық мүдделеріне сай халықаралық одақтарға дербес түрде кіруге және олардан шығуға құқылы. Сонымен қатар ел әскери альянстарға қосылмайтын бейбіт саясат ұстанады.

Осы ретте Өзбекстан өз аумағында шетелдік әскери базалардың орналастырылуына жол бермейді, ал Өзбекстан Республикасының Қарулы күштері тек егемендік пен халықтың қауіпсіздігін қорғауға арналған.

Пікірлер