Павлодарда №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы "мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін" сотталды. Бұл туралы облыстық прокуратура жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Колонияның бұрынғы басшысы белгілі бір сыйақы үшін кейбір сотталғандарға жазасын өтеу үшін артықшылықты жағдай жасаған. Сондай-ақ мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді әрі қатаң ұстанымының арқасында қызметтік міндеттерін атқару барысында оның қызметтік ақпаратты жария етуге жол бергені дәлелденді»,-делінген хабарламада.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот сотталушыны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, подполковник арнаулы атағынан айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.